Бүгін Копенгагенде «Евровидение-2014» байқауы басталады
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - "Евровидение-2014" байқауының салтанатты ашылу рәсімі бүгін, жексенбіде кешке Копенгаген қаласында өтеді деп хабарланды іс-шараның ресми сайтында.
Рәсім жергілікті уақыт бойынша сағат 17:-00-де (мәскеу уақытымен19:00) басталады.
Биылғы жылы "Евровидение" байқауына 37 ел қатысады. 6 мамырда өтетін бірінші жартылай финалға 16 ел шығады, ал 8 мамырға белгіленген екінші жартылай финалда 15 ел бақ сынасады. «Үлкен бестік» елдері мен ән жарысын ұйымдастырушы ел 10 мамырға белгіленген финалға байқауға қатыспай өтеді.