Бүгін көптеген қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін көптеген қалада ауа сапасы нашарлайды

24 қыркүйекте Астана, Ақтөбе, Петропавл, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Өскемен және Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.