Бүгін - Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні
АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні.
Бұл атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі Стокгольм конференциясы басталған күнге орай таңдалған болатын (1972 жыл), осыдан кейін БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі ЮНЕП бағдарламасы құрылды.
Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні - экологиялық күнтізбедегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл күн әлемнің жүзден астам елінде аталып өтіледі.