Бүгін Қостанай мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қостанай мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасы нашарлайды

24 қыркүйек күні еліміздің көптеген қалаларында қолайсыз метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Қостанай мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.