Бүгін ҚР-да 4 мың сотталушы партаға отырады
АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің 55 оқу мекемелерінде 4 мың сотталушы партаға отырады, деп хабарлады ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметі.
1 қыркүйекте дәстүр бойынша республиканың барлық түзеу мекемелерінде Білім күніне арналған мерекелік шаралар аталып өтеді.
Айта кеткен жөн, қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес оқу үрдісі сотталушыларды түзеуге бағытталған қадамдардың бірі болып табылады.
ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 108 бабын іске асыру аясында 30 жасқа толмаған азаматтар оқудың барлық үрдістерінен өтіп, білім аттестатына ие болады. Сондай-ақ 30 жастан асқан азаматтар мен 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер өз еріктері бойынша орта білімге қол жеткізе алады, деп хабарлады ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметі.