Бүгін ҚР Ішкі істер министрі ардагерлермен және елордалық полицейлермен бірге шейіт болған майдангерлердің рухтарына тағзым етті
Іс-шараға елордада ішкі істер органдарының қатарында жұмыс істеген Ұлы Отан соғысының - 14 және оларға теңестірілген - 4 ардагері, сондай-ақ 19 тыл еңбекері мен қаза тапқан жауынгерлердің 20 жұбайы мен полицейлер қатысты.
Қатысушылар «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін, сапқа тұрғызылған құрметті қарауыл шейіт болған майдангерлердің рухтарына тағзым етіп, аспанға оқ атты.
Айта кетейік, бүгінгі күні республикада ішкі істер органдарында жұмыс істеген ҰОС-ның 379 ардагері мен мүгедегі, оларға теңестерілген 37 ардагер, 617 - тыл еңбеккері мен қаза болған батырлардың 225 зайыбы тұрады.
Ардагерлердің барлығы биыл Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік бюджеттен 65 мың теңге көлемінде материалдық көмек алады. Онымен бірге, Ішкі істер министрлігі қызметкерлердің бір күндік жалақысы есебінен оларға 55 мың теңгеден бөліп бермек. Тыл еңбеккерлері мен құрбан болғандардың зайыптары да бұл көмектен кенде қалмайды.