Бүгін ҚР-ның Конституциялық кеңесіне 15 жыл толды

АНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесіне 15 жыл толды. Осыған орай елордада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, онда сөз алған ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов аталған аралықта органға 180-нен астам үндеу келіп түскендігін атап өтті.

Бүгін ҚР-ның Конституциялық кеңесіне 15 жыл толды

«Қазіргі уақытта конституциялық бақылаудың қазақстандық моделі өзін ақтады деп толық сеніммен айуға болады. Конституциялық кеңес мемлекеттік механизмде және еліміздің құқық қорғау жүйесінде лайықты орын алды, - деді ол.

Сондай-ақ алқалы жиын барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Конституциялық кеңес мүшелеріне Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтауын жеткізіп, өткен жылдар конституциялық әділет органының таңдаған моделі дұрыс екенін көрсетіп отырғанын баса айтты.

ҚР Конституциялық кеңесі еліміздегі конституциялық бақылаудың ұжымдық органы болып табылады. Ол жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi тағайындайды және дауыс тең бөлiнген жағдайда оның даусы шешушi болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.