Бүгін - КСРО әлем тарихындағы ең қуатты бомбаны жарған күн

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - 51 жыл бұрын (1961) дәл осы күні КСРО әлем тарихындағы

Бүгін - КСРО әлем тарихындағы ең қуатты бомбаны жарған күн

ең қуатты бомбаның жарылысын жасады: 58 мегатондық сутек бомбасы («Царь-бомба») Жаңа Зеландия аралындағы полигонда жарылды. Сол кезде Никита Хрущев алғашында 100 мегатондық бомбаны жару көзделгенін, бірақ кейін Мәскеудегі барлық терезелер сынып кетпес үшін қуат көлемі азайтылғанын айтып, қалжыңдаған болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі алғашқы жылдары АҚШ әлемдегі жалғыз «ядролық мемлекет» болды. Алғаш рет ядролық қару «Манхэттен» жобасы барысында АҚШ-та жасап шығарылды.

Айта кетейік, КСРО-ның ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 "РС-20" ракетасы (НАТО классификациясы бойынша - "СС-18") болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалық ракета (әрқайсысының қуаттылығы 550 кт-дан тұратын 10 ядролық оқтұмсық) Державинка (қазіргі Ақмола облысы) мен Жаңғызтөбедегі (ШығысҚазақстан) екі базада орналасты. Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты ядролық ракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ орналасты. Қазақстанда қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешен құрылып, жұмыс істеді. Елімізде КСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді.

КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізінен Семей полигонында өтті (500 ядролық сынақ жасалды). Ол Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аудандарына орасан зор экологиялық апат әкелді. Сондықтан Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.

Әлем тарихында болған негізгі ядролық жарылыстар

Дата

Атауы

Қуаты (килотонна)

Мемлекет

Маңызы

1945 жылдың 16 шілдесі

Тринити

19

АҚШ

Алғашқы атом жарылысы

1945 жылдың 6 тамызы

Малыш

11

 АҚШ

Хиросиманы бомбалау

1945 жылдың 9 тамызы

Толстяк

21

АҚШ

Нагасакині бомбалау

1949 жылдың 29 тамызы

РДС-1

22

КСРО

КСРО-дағы алғашқы атом жарылысы

1952 жылдың 3 қазаны

Ураган

25

Ұлыбритания

Ұлыбританиядағы алғашқы атом жарылысы

1952 жылдың 1 қарашасы

Иви Майк

3100

АҚШ

Термоядролық құрылғының алғашқы тәжірибелі жарылысы

1953 жылдың 12 тамызы

РДС-6с

100

КСРО

Жауынгерлік термоядролық құрылғының алғашқы жарылысы

1954 жылдың 1 наурызы

Касл Браво

15 000

АҚШ

АҚШ-тағы ең қуатты жарылыс

1957 жылдың 8 қарашасы

Схватка Х

1800

Ұлябритания

Ұлыбританиядағы алғашқы термоядролық жарылыс

1960 жылдың 13 ақпаны

Голубой пушканчик

60

Франция

Франциядағы алғашқы атом жарылысы

1961 жылдың 31 қазаны

Царь-бомба

~57 00

КСРО

Тарихтағы ең қуатты термоядролық бомбаның жарылысы

1964 жылдың 16 қазаны

596

22

ҚХР

Қытайдағы алғашқы атом жарылысы

1967 жылдың 17 маусымы

Тест 6

3300

ҚХР

Қытайдағы алғашқы термоядролық жарылыс

1968 жылдың 24 тамызы

Канопус

2600

Франция

Франциядағы алғашқы термоядролық жарылыс

1974 жылдың 18 мамыры

Улыбающийся Будда

12

Үндістан

Үндістандағы алғашқы атом жарылысы

1998 жылдың 28 мамыры

Чаган-І

~9

Пәкістан

Пәкістандағы алғашқы атом жарылысы

2006 жылдың 9 қазаны

Квандай-ри

15-20

КХДР

Солтүстік Кореядағы алғашқы атом жарылысы