Бүгін - Құлақ және есту қабілетін қорғаудың халықаралық күні
АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) құлақ және есту қабілетін қорғауға арналған арнайы күнді бекітті.
Жыл сайын 3 наурыз күні Құлақ және есту қабілетін қорғаудың халықаралық күні атап өтіледі.
Бүгінгі күні есту қабілетін жоғалту әлемде мүгедектіктің ең кең таралған сенсорлық түрі болып табылады. ДДСҰ-ның мәліметіне сәйкес, әлемде 275 млн. адам есту қабілетінен айырылған немесе оны нашарлатып алған. Кереңдік пен құлақ мүкістігінің негізгі себептері ретінде құлақтың созылмалы жұқпаларына алып келетін бірқатар аурулар: қызамық, қызылша, мысқыл, менингит, сондай-ақ кейбір дәрілік препараттардың және қоршаған ортаның зиянды факторлары, бірінші кезекте, қатты шудың әсері аталады.
Медицина қызметкерлерінің пікірінше, кереңдік пен есту қабілетінің өзге де ақаулары оқиғаларының тең жартысына жуығын олардың дамуын дер уақытында жою арқылы тоқтатуға болады.