Бүгін - Құлдықты жою үшін күрестің халықаралық күні
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін - Құлдықты жою үшін күрестің халықаралық күні (International Day for the Abolition of Slavery).
Жыл сайын 2 желтоқсанда атап өтілетін бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының Адамды құлдыққа сату және үшінші тұлғаны жезөкшелікке пайдаланумен күрес туралы конвенцияны қабылдаған күнмен байланысты.
Конвенция 1949 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 4-ші сессиясында қабылданған болатын.