Бүгін - Күлкі күні

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін, сәуірдің 1-і - Күлкі күні. Бұл күнді тойлау үрдісі Францияда бастау алған деседі.
None
None

Ал ежелгі римдіктер де ақпанның 17-де «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда да наурыздың 31-де «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен. Ал француз әзілкештердің әрекеті сәуірдің 1-не тап келіп, сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болып келеді.

Әзіл-қалжыңға бір иығын беріп тұратын қазақта да бұл күнге байланысты неше түрлі қызық әңгімелер бар. Ерте көктемнің алақұйын мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні жақындарын алдауға барын салады. Күліңіздер! Қалжыңдаңыздар!

Соңғы жаңалықтар