08:21, 20 Наурыз 2013 | GMT +5
Бүгін - Күнді етсіз өткізудің халықаралық датасы
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Етсіз халықаралық күнді көптеген елдер 1985 жылдан бері атап өтеді.

Бұл күні дүкендер мен мейрамханалар ет сатудан бас тартады, белсенділер вегетариандықты, сондай-ақ жануарларға аяушылықпен қарауды және қоршаған ортаны қорғауды насихаттайды.
Жекелеген елдерде мереке мемлекеттік қолдауға ие болды. Мысалға, Шри-Ланкада үкіметінің өкілдері супермаркеттердің иелеріне ет өнімдерінен бас тартуды табанды түрде ұсынады. Ресейде бұл датаны алғаш рет 2012 жылы атап өтті. Атап айтқанда, Санкт-Петерборда еріктілер көшедегі адамдарға адам мен табиғат үшін вегетариандықтың пайдасы туралы парақшаларды және көкөністерді таратты.
Статистикаға сәйкес, адамзат тамаққа пайдалану мақсатымен жыл сайын 60 млрд. жануардың (балықтар мен буын аяқтыларды қоспағанда) көзін жояды.