07:49, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Бүгін - «Курск» сүңгуір кемесінің теңізшілерін еске алу күні
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін - Ресейде «Курск» атомдық сүңгуір кемесінің теңізшілерін еске алу күні. Ресей халқы осыдан 10 жыл бұрын, тамыздың 12-сінде Баренц теңізінде апат болған кемеде қаза тапқандарды еске алады, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Бұл қайғылы оқиға Солтүстік теңіз флотының 118 теңізшісінің өмірін қиған еді. Бүгін Видяево гарнизонында салтанатты сапқа тұру және «Курск» теңізшілерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болады.
Аза тұту рәсімі Ресейдің барлық әскери-теңіз флотында және әскери округтарында өтеді. Кемелер мен сүңгуір қайықтарда жалаулар түсіріледі, флот бөлімдері мен бөлімшелерінде «Курск» экипажын еске алу құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланады.