Бүгін «Күйі сазды, жыры назды Жетісу» атты ән-күй кеші өтеді

АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін, қарашаның 30-ы күні, Астанадағы Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында «Күйі сазды, жыры назды Жетісу» атты ән-күй кеші өтеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мәдени шарада Астана қалалық Мемлекеттік филормониясының шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. Сонымен қатар осы өнер кешінде ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайрат Байбосыновтың ән шырқайтыны көзделіп отыр. Сол секілді дәстүрлі әндерді орындаушылар қатысады. Жетісу өңірінің дарынды әншілері де сахнаға шығып, көрермендердің қошеметіне бөленбек.

Ән-күй кеші сағат 19-00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар