Бүгін - Қылмыс құрбандарына қолдау көрсетудің халықаралық күні

Сол уақыттан бері өркениетті және демократиялы бүтін әлемде ресми емес түрде Қылмыс құрбандарына қолдау көрсетудің халықаралық күні атап өтіледі.
Қылмыстар құрбандарын әлеуметтік оңалту проблемасы қауымдастықты өткен ғасырдың соңында мазалай бастады. 1985 жылдың қыркүйегінде БҰҰ-ның қылмыстың алдын алу және құқық бұзушыларға қарау жөніндегі жетінші конгресі Қылмыстар мен билікті теріс пайдаланғандардың құбандары үшін әділеттіліктің негізгі принциптері декларациясын бекітті. 1985 жылдың 29 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл декларацияны қабылдап, тұңғыш рет қылмыстар мен билікті теріс пайдаланғандардың құрбандарын қолдаудың және қорғаудың әмбебап принциптерін әзірледі.
Қазір көптеген елдерде криминалдық әрекеттерден зардап шеккендерді қорғауға, оларды әлеуметтік сауықтыруға, материалдық және моральдық шығынды өтеуге бағытталған заңдар қабылданып, қолданылуда. Әлемде қылмыстардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған 200-ге жуық бағдарлама бар.