Бүгін қылмыстық іздестіру қызметінің құрылғанына 91 жыл толды

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін қылмыстық іздестіру қызметінің өкілдері кәсіби мерекелерін атап өтуде,

Бүгін қылмыстық іздестіру қызметінің құрылғанына 91 жыл толды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған орай бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында аталмыш мереке жөнінде сөз қозғаған Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов «Қылмысқа қарсы күрес  кез келген мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Полиция еліміздегі құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі міндеттерді орындаушы, ал қылмыстық іздестіру қызметі осы міндетті жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын орган» деді.

Оның айтуынша, биыл еліміздегі қылмыстар, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны едәуір қысқарып, қылмыстардың ашылу деңгейі 80 пайызға жетті.

Бүгін Ішкі істер министрлігінің басшылығы қылмыстық іздестіру саласында ерекше белсенділіктерімен және нәтижелі істерімен танылған қызметкерлерді медальдармен және мақтау қағаздарымен, сондай-ақ өзге де түрлі сый-сыяпаттармен марапаттады.