Бүгін Қырғызстанда президенттік сайлау алдында «үнсіздік күні» жарияланды

Бүгін Қырғызстанда президенттік сайлау алдында «үнсіздік күні» жарияланды

БІШКЕК. 29 қазан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін, 30 қазан, жексенбі күні өтетін Қырғызстан президентінің сайлауы қарсаңында «үнсіздік күні» жарияланды.

Осы күні кез-келген үгіт-насихат, жарияланым мен сайлауға қатысты түрлі әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін жариялау, БАҚ беттерінде баяндама жасауға тыйым салынады.

Еске сала кетейік, Қырғызстан президентінің лауазымына 16 кандидат үміткер болып отыр. Сайлаушылар тұрғылықты жері немесе алдын ала жарияланған мекенжайлар бойынша дауыс бере алады. Сайлау учаскелері елдің барлық аумағында таңғы 8.00-де басталып, 19.00-де жабылады. Осыдан кейін дауыстарды санау басталады.

Әлеуметтік зерттеулер бойынша, үш кандидат жеңіске жетуге үміткерлер қатарында. Олар: премьер-министр Алмазбек Атамбаев, «Бутун Қырғызстан» партиясының көшбасшысы Адахан Мадумаров пен «Ата-жұрт» партиясының мүшесі Қамшыбек Ташиев.