Бүгін - қырлы стақан күні
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейде қырлы стақанның күні. Дәл осы күні 1943 жылы Ресейдің Гусь-Хрустальный қаласындағы байырғы шыны зауыты алғашқы кеңестік стақанды шығарды,
деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Кеңестің үлгідегі қырлы стақанның дизайнын атақты «Жұмысшы мен колхозшы әйел» монументінің авторы Вера Мухина ұсынған деген сөз бар. Бірақ бұл фактінің деректі дәлелі жоқ.
Стақанның 16 қыры бар, соның арқасында ол берік және 1 метрлік биіктіктен бетон еденге құласа да, сынбайды. Сондықтан да қырлы стақандарды әлі қолданыста кездестіріп жатамыз.