Бүгін Қызылордада «Донор» акциясына орай 44 адам қан тапсырды

Бұл туралы департамент баспасөз қызметі хабарлады.
«Донор» - латынның «сыйлау» деген сөзінен алынған үғым. Осы тұста донор болу немесе қан беру гуманистік және адамгершіліктің бір көрінісі болып табылады. Елімізде және оның ішінде Қызылорда қаласында күн өткен сайын барша науқастарды қанмен қамту мүмкіндігі жеткіліксіз болып отыр. Донорлық адам қанын адамға құю арқылы сол адамның өмірін арашалап қалу немесе төнген қаупін азайту үшін жасалады. Осыған сәйкес Қызылорда облысы ТЖД мамандары, құтқарушылары мен өрт сөндірушілері қан беруді жыл сайын дағдыға айналдырып келеді. Бірнеше күн бойы облыстық қан құю орталығының мамандары мекемеге келіп, құтқарушылардың қан құрамы мен жарамдылығын анықтай келе, қан алу акциясын жалғастыруда.
Құтқарушылар әрбір қоғам мүшесі денсаулығы жарап тұрған сәтте қан беруге міндетті деп түсінеді. «Бүгін сен көмектессең - ертеңгі күні саған да біреу көмектесуі мүмкін».
Бүгінгі күні 44 адам осы бағытта қан берді. Акция әлі де жалғасуда. Алдын ала болжам бойынша 100 литрдей қан Қызылорда облысы қан банкісіне толтырылады деп күтілуде.