Бүгін Лондонға спортшыларымыздың алғашқы легі аттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан 4-13 тамыз аралығында өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстаннан алғашқы делегация бүгін Алматы әуежайынан Лондонға аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, алғашқы аттанғандардың қатарында 2017 жылғы Азияның үш дүркін чемпионы, спринтер Виктория Зябкина (Алматы) спорттық жүрістен отбасылық жұп Георгий Шейко мен Полина Репина бар. Олармен бірге жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Георгий Егоров пен федерацияның спорттық директоры Александр Кощеев те Лондонға жол тартты.

Бұл спортшыларымыздың ішінде Виктория Зябкина әлем чемпионатына алғаш болып қатысқалы отыр. Ол 8 тамызда 200 метрге жүгіреді. Ал Георгий Шейко мен Полина Репина 13 тамызда өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар