Бүгін Махмұд Ахмадинежадты Иран президенттігіне бекітеді

АСТАНА. Тамыздың  3-і.  ҚазАқпарат -  Бүгін Тегранда  Махмұд Ахмединежадты    Иран президенттігіне  бекіту    рәсімі    болады,

Бүгін Махмұд Ахмадинежадты    Иран  президенттігіне  бекітеді

деп    хабарлайды ҚазАқпарат  РСН агенттігіне  сілтеме  жасап.

Салтанатты рәсім   Теграндағы  Хомейни  атындағы мешітте   өтеді.

Маусымның 12-сінде  өткен  сайлаудың  қорытындысы  бойынша, Ахмадинежад    екінші төртжылдық мерзімге   елдің атқарушы билігінің басшысы  болып  сайланды. Ал  Иран  оппозициясы  сайлаудың    ресми  қорытындысын қайта  қарауды  талап етуде.