Бүгін - Македония Республикасының мемлекеттік мейрамы - Республика күні
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Македония Республикасының мемлекеттік мейрамы - Республика күні. Түркияның қол астында болған Македонияның 108 жыл бұрынғы (1903) ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты 1998 жылдан бастап атап өтіледі.
Македония - Еуропаның оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 30 ауданға бөлінеді. Астанасы - Скопье қаласы. Ресми тілі - македон тілі. Ақша бірлігі - денар. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы - бір палаталы парламент. Атқарушы органы - Үкімет.
Қазақстан Республикасы мен Македония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы 1 маусымда орнатылды.