Бүгін мәскеуліктер ретро-автобустар шеруін тамашалайды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде қаладағы қоғамдық көліктің жүре бастағанына 90 жыл толуына байланысты ретро-автобустар парады өтеді. Шеру Ленинград даңғылынан басталып, Академика Сахаров көшесінде аяқталады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Бүгін мәскеуліктер ретро-автобустар шеруін тамашалайды (ФОТО)

Әр жылдары шығарылған көліктер ел назарына ұсынылады, соның ішінде шанағы ағаштан жасалып, темірмен қапталған атақты ЗиС-8 автобусы да бар. Бұл соғысқа дейінгі автобустардан қалған жалғыз дана екен. Сонымен қатар, бүгін 1970 жылдары шыға бастаған алғашқы «Икарус-280» автобусы да жүріп өтеді.

Мерекелік шарада қалалық транспорт мұражай қызметкерлері көліктердің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтып береді.

Қоғамдық көлік Мәскеуде ең алғаш рет 1924 жылдың 8 тамызында жүріпті. Ол кездегі автобус маршуртының ұзындығы 8,5 шақырым болған екен. Ал бұл күнде Ресей астанасында 7 мың шақырым болатын межеде 668 қоғамдық көлік қатынап, 4 млн.астам адамды тасиды екен.