Бүгін - Мәуліт ән-Нәби - Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Пайғамбарымыз хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с) дүниеге келген Мәулiт күнi биыл ақпанның 25-іне сәйкес келедi.
None
None

Бұл мереке Рәбиул-Әууал айының 12-ші күнінде атап өтіледі. Яғни, 15 ақпан мен 15 наурыз аралығы Рәбиул - әууал айы.

Мәулiт - араб сөзi, қазақша "туылған күн" деген мағына бередi. Бұл атау Аллаһ тағаланың ең сүйiктiсi пендесi, Адамның (ғ.с.) Иса (ғ.с.) пайғамбарға дейiнгi Алла тағала елшiлерiнiң соңғысы Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) дүниеге келуiнiң құрметiне ол айға осы атау берiлген.

Ол құрайыш тайпасынан, оның iшiндегi Бани Һашим әулетiнен шыққан. Туылған жерi - Мекке қаласы. Әкесiнiң аты Абдулла, анасының есiмi Әмина. Пайғамбарымыз ата-анадан жалғыз. Өйткенi, әкесi перзентi дүниеге келмей тұрғанда дүние салған. Анасынан 6 жасында айрылған. Мұхаммед (с.ғ.с) Исадан (ғ.с) милади жыл санауы бойынша, 571 жыл кейiн, 20 сәуiрде, Һижра санауы бойынша Рабиул-әууал айының 12-сi күні дүниеге келген.

Барлық мақтау-мадақтау, «Мәуліт оқу» Пайғамбарымыз Мұхаммедке арналған. Қазір мәуліт Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұйымдастыруымен бүкіл елімізде тойлануда. Мәуліт әуелі мешіттерде оқылады, сонан соң көпшіліктің қатысуымен аудандық, облыстық, республикалық деңгейде атап өтіледі. Қасиетті мәуліт тура бір айға созылады.

Соңғы жаңалықтар