Бүгін - Молдова Республикасының Тәуелсіздік күні

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Молдова Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991). Молдова - Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет.

Бүгін - Молдова Республикасының Тәуелсіздік күні

Солтүстігі, шығысы және оңтүстігі Украинамен, батысы Румыниямен шектеседі. Астанасы - Кишинев қаласы. Мемлекеттік тілі - молдован тілі. Ақша бірлігі - молдова лейі.

Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 31 шілдеде орнатылды.