Бүгін - Мозамбик Республикасының Тәуелсіздік күні
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Мозамбик Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1975). Мозамбик Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан.
Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Малави, Замбия, Зимбабвемен, оңтүстігінде Свазиленд және Оңтүстік Африка Республикасымен, шығысында Үнді теңізімен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Астанасы - Мапуту қаласы. Ресми тілі - португал тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі - метикал. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы - Үкімет.