Бүгін - Мұғалімдер күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін - Мұғалімдер күні. Бұл - барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
None
None

Мұғалімдер күні - білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби мейрамы. Ол 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының Бұйрығымен, қазан айының алғашқы жексенбісіне белгіленген.

Ал бұл айтулы күнді 1994 жылы ЮНЕСКО бекіткен. 1966 жылы осы күні ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы шақырған конференция «Мұғалімдер жағдайы туралы» ұсынысты - мұғалімдер еңбегі жағдайларын айқындайтын тұңғыш халықаралық құжат қабылдады.

Бұл күн қоғамдағы мұғалімдер жайына, олардың білім беру мен дамудағы рөліне көңіл бөлуді көздейді. Бүкіләлемдік мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеттері атап өтеді.

Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Украина Мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде тойлайды.

Соңғы жаңалықтар