Бүгін - Нацизм құрбандарын еске алудың халықаралық күні

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат – Бүгін - Нацизм құрбандарын еске алудың халықаралық күні.
None
None
Бұл атаулы күн 1945 жылғы қаңтардың 27-інде Освенцим лагерлерінің тұтқындары азаттық алған күнге орай бірқатар елдерде атап өтіледі.Освенцим концлагері саяси тұтқындар үшін 1940 жылы салынған. Темір жол торабына жақын орналасқан лагерьде 40-қа жуық түрлі нысан ? барактар, газ камералары, крематорийлер мен адамдарға тәжірибе жүргізілетін зертханалар болды. Күн сайын мұнда мыңдаған адам тиелген бірнеше эшалон келетін. Оларды жою үшін нацистер «Циклон-Б» улы газын ойлап тапты. Бұл газ алғаш рет бірнеше жүз кеңестік әскери тұтқынға сыналды. Освенцим «ажал фабрикасы» деген атқа кездейсоқ ие болған жоқ. Лагерь жұмыс істеген 5 жылдың ішінде мұнда 28 ұлттың 1,5 миллион адамы көз жұмды. 1979 жылы ЮНЕСКО концлагерьді халықаралық маңыздағы ескерткіштер тізіміне енгізді.
Соңғы жаңалықтар