Бүгін - Нагасаки күні
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Нагасаки күні. 1945 жылғы 9 тамызда американ авиациясы Жапонияның 253 мың тұрғыны бар Нагасаки қаласына атом бомбасын тастады.
Жоспар бойынша бұл атом бомбасын Жапонияның Кокуру қаласына тастау керек болатын. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына және әуеге көтерілгеннен кейін пайда болған ұшақ ақауына байланысты ұшқышқа бомба тастау бағытын өзгертуге тура келген. Нагасакиде 80 мыңға жуық адам мерт болған.