Бүгін Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтанда ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 2021 жылғы 14 қыркүйекте Нұр-Cұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.