Бүгін - Өкпенің іріңді қабынуына (пневмония) қарсы күрестің дүниежүзілік күні

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Өкпенің іріңді қабынуына (пневмония) қарсы күрестің дүниежүзілік күні.
None
None

Дата күнтізбеде халықаралық, мемлекеттік, үкіметтік еемес және жергілікті ұйымдардың, ғылыми-зерттеу және білім беру институттарының, қорлар мен белсенді азаматтардың бірлестігі - Балалар пневмониясына қарсы жаһандық коалициясының арқасында пайда болды. Коалиция өкпенің іріңді қабынуы проблемасына қоғамның барлық институттарын тартуды көздейді.

Бұл мақсатқа қол жеткізудің құралдарының бірі Пневмонияға қарсы күрестің дүниежүзілік күні болды. Бұл күні денсаулық сақтау мекемелері алдын алу іс-шараларын, медициналық тексерулерді ұйымдастырады. Онымен қоса, көптеген еріктілер адамдарға пневмония және онымен болатын қауіптер туралы айтып, ақпараттық парақшалар мен буклеттерді таратады.

2009 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ЮНИСЕФ-пен бірге Пневмонияның алдын алу және онымен күресу іс-қимылдарының жаһандық жоспарын жария етті.

Бірінші кезекте өкпенің іріңді қабынуына балалар шалдығады. Бұл сырқат бүкіл әлемдегі кәмелеттік жасқа толмаған жастар өлімінің басты себепі болып табылады. Жыл сайын ол бес жасқа дейінгі 1,4 миллион баланың өмірін қияды. Бұл ЖҚТБ (СПИД), безгек және қызылшаны қоса есептегенде көп. Пневмония барлық елде тараған, бірақ көбінесе одан Оңтүстік Азия мен Африкада зардап шегуде.

Қарапайым іс-шаралар арқылы, мысалға, иммундау мен жақсы тамақтанудың арқасында сырқаттың алдын алуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар