Бүгін оңтүстік аймақта қар мен жаңбыр жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары 7 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін оңтүстік аймақта қар мен жаңбыр жауады - Қазгидромет

«Республикамыздың басым бөлігі әлі де, антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Сондықтан тұрақсыз ауа райы сақталады, еліміздің солтүстік жартысында - қар жауып, жаяу бұрқасын, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», - деп жазды синоптиктер.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – көктайғақ, түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі.