Бүгін Оралда халық спортының IV облыстық ойындары басталады
Бұл сайыстарға облыстың барлық өңірінен 1 500-ден астам спортшы қатысуда. Жарыстар спорттың 14 түрі бойынша, атап айтқанда волейбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, кір тасын көтеру, армрестлинг, қазақша күрес, үстел теннисі, отбасылық жарыстар, бильярд, самбо және т.б. спорт түрдері бойынша өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ойындардың басты мақсаты -салауатты өмір салтын насихаттау.
Бұл ойындар Қазақстанның Азаматтық Альянсының «Біз - бір командамыз!» ақпараттық әлеуметтік науқанының аясында өткізілуде. Қазақстанның түкпір-түкпірінде осындай 25 шақты іс-шара өтті. Атап айтқанда, осынау акция аясында Теміртауда спорттық алаңдарды қалпына келтіру шарасы, Павлодарда «Ізгілік сабағы» өтті, Астанада «Соғыс туралы естеліктер» республикалық акциясы ұйымдастырылды және Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Балам-ай» орталығы ашылды. Ал Қостанайда «Мен есте сақтаймын! Мен мақтан етемін!» акциясы, Ақтөбе, Алматы, Шымкентте «Болашақ үшін өткенді сақтайық!» акциялары, Вячеславкада алма бағын отырғызу шарасы өтті.