Бүгін өтетін «Astana Winter Marathon» марафонына кімдер қатысады

Ұйымдастыру комитетінің мәліметі бойынша, алғашында 300 адам жүгіреді деп жоспарланған. Алайда жарыстың өтуіне бір күн қалғанда тілек білдірушілердің саны бұдан көп болғаны белгілі болған. Кешегі санақ бойынша бүгінгі «Astana Winter Marathon» марафонына 400 адам қатыспақшы.
Тіркелгендердің көбісі 10 шақырымды таңдаған (207 адам). Жартылай марафонға 144 адам жүгірсе, толық марафонға 49 адам бақ сынамақ.
Жарыс алдында қатысушыларды ширатып алуға арналған жаттығу болады. жүгіру кезінде марфоншылар ыстық тамақ және сусынмен қамтамасыз етіледі.
Марафонға еліміздің саяси элитасында жүрген Әділбек Жақсыбеков, Болат Жәмішев, Бағдат Мусин және бизнесмен Айдын Рахымбаевтар қатысады.
Осы жарысты өткізуге ықылас танытқан «Marat#ON» жүгіру клубының құрметті мүшесі, атақты қазақстандық ультрамарафоншы Марат Жыланбаев болса, негізгі қолдаушы - ҚР Жеңіл атлетика федерациясы.
ФОТО/obk.kz