Бүгін өтетін соңғы ойындарда футболдан Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы және күміс, қола жүлдегерлері анықталады

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің соңғы шешуші ойындары өтеді. 2009/2010 жылғы футбол маусымындағы ел біріншілігінің жеңімпаздары бүгін анықталады.

Бүгін өтетін соңғы  ойындарда футболдан Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы және күміс, қола жүлдегерлері анықталады

турнир кестесінде бірінші орында тұрған, өзінен кейінгі "Ақтөбеден" бір ұпаймен алда келе жатқан Қостанайдың «Тобыл» командасын өз алаңында «Атырау» қабылдайды. Сондай-ақ турнир кестесінің екінші орнында тұрған «Ақтөбе» командасы Қарағандыға барып, жергілікті «Шахтермен» ойнайды. «Тобыл» мен «Ақтөбенің» қайсысы ел жеңімпазы болатыны осы ойындарда белгілі болады.

Ал елордадағы «Астана-Арена» стадионында да тартысты кездесу өтеді деп күтілуде. Бүгін астаналық «Локомотив» Павлодардың «Ертісін» қабылдайды. Бұл екі команда қола жүлде үшін таласады.

«Астана-Арена» стадионы елордалықтар мен қала қонақтарын ел біріншілігінің соңғы ойынын тегін тамашалауға шақырып отыр. Қос команда арасындағы кездесу сағат 17-00-де басталады.