Бүгін - Өзбекстанның Отан қорғаушылар күні
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Өзбекстанда Отан қорғаушылар күні аталып өтіледі.
Бұл мерекенітәуелсіз Өзбекстан өзінің қарулы күштерінің құрылған күніне арнап атап өтеді. Мереке 1993 жылдың 29 желтоқсанындағы Республиканың Жоғарғы Кеңесi шешiмiмен 14 қаңтар деп бекітілген.