Бүгін - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні.
Озон қабаты - Жерді ультракүлгін сәулелерден қорғап тұратын қалқан. Адамзаттың шаруашылық қызметі жер шарындағы экологиялық жағдайдың ушығуына әкеліп соқтыруда. Адамзат экологиялық қауіптің алдын-алудың маңызын түпкілікті түсініп, оны болдырмау үшін белсенді шаралар жүргізуі тиіс. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілген осындай шаралардың бірі 1987 жылдың 16-шы қыркүйегінде озон қабатының жойылуы жөнінде Халықаралық Монреаль хаттамасына қол қойылды. 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 16 қыркүйек күнін Халықаралық озон қабатын қорғау күні деп жариялады. Соның құрметіне бұл атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 1995 жылдан бастап аталып өтіледі.