Бүгін - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні

АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні.
None
None

Жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күн БҰҰ Бас ассамблеясының 1994 жылғы №A/RES/49/114 арнайы қарарымен жарияланған болатын. Бұл күн Озон қабатын бұзушы заттар туралы Монреаль хаттамасына қол қойылған күнді есте қалдыру үшін белгіленген.

Планетамызды күн радиациясының жойғыш әсерлерінен қорғайтын Жер атмосферасындағы стратосфералық қабаттың төмендей түскеніне тұңғыш рет ғалымдар ХХ ғасырдың 60-ыншы жылдарының соңында көңіл аударды. 80-жылдары ғалымдар жаңалық ашты: Антарктида аумағында озонның жалпы көлемі 2 есе азайып кеткен. Нақ сол кезде «озон жырығы» атауы пайда болды. Озонның жұқаруына хлор тотығы әсер етеді. Ал бұл - заводтардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауаға жайылатын қоқыстары. Озон жырықтарының алдын алуға біздің күшіміз жетпейді. Алайда, озонды ең болмаса тұрмыстық деңгейде сақтауға адам күші жетеді-ақ.

Соңғы жаңалықтар