Бүгін - парашютшілер күні
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - 1930 жылдың 26 шілдесі күні Б.Мухортовтың жетекшілігімен кеңестік бір топ ұшқыш-парашютші Воронеждің аспанында ұшақтардан бірнеше рет секірулер сериясын ұйымдастырды.
Бұл жағдай КСРО-да парашют спортының жаппай дамуына негіз салды.
Осы оқиғаның құрметіне жыл сайын 26 шілде күні парашют спортының кәсібилері мен кәсіпқойлары өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. Дегенмен дата заң жүзінде ресми бекітілмеген.
1931 жылдың соңына қарай кеңестік парашютшілер жаттығулық және көрсетілімдік 600 секіру ұйымдастырды.
Кейін бұл спорт түріне әйелдер де қызығушылық таныта бастады. 1931 жылдың 14 шілдесінде КСРО-да алғаш рет парашютпен В.Кулешова секірді.
Алғашқы парашютті әзірлеп, құрастырған және оны сынақтан өткізген өздігінен білім алған-техник Глеб Котельников болды. 1911 жылдың 27 қазанында Котельников өзінің ноу-хауы «РК-1»-ді патенттеп, әскери министрлікке жүгінді. Бірақ ондағылар өнертабыстың маңыздылығын жіті түсінбей, Котельниковтың ұсынысынан бас тартты.
Бірақ өнертапқыш Котельников парашюттердің қажеттілігі аса үлкен деп біліп, кейінгі жылдары «РК-2», «РК-3» парашюттерін ойлап шығарды.
Ақырында, 1929 жылы партия мен үкіметтің шешімімен парашюттер авиация мен әуеде ұшу саласы үшін міндетті болды.