Бүгін Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Алатау» спорт кешенінде шағын футболдан жарыс өтеді

 АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін «Алатау» спорт кешенінде (18-30) шағын футболдан жарыс өтеді. Бұл турнирге Парламент, Үкімет Кеңсесі, «Нұр-Отан» ХДП және Қаржы министрлігінің командалары қатысады,

Бүгін Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Алатау» спорт кешенінде шағын футболдан жарыс өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жарысқа «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» жалпыұлттық газеттерінің командалары да атсалысады деп күтілуде.

Бұл шара ҚР Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы, қоғам қайраткері Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 60 жылдығына орай өткізіледі.