Бүгін Польша Президентінің инаугурациясы болады

АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Польшаның жаңадан сайланған Президенті Бронислав Коморовский бүгін, жұма күні ант қабылдап, мемлекет басшысы міндетіне ресми кіріседі.

Бүгін  Польша Президентінің   инаугурациясы   болады

«Маяк» радиосының ақпараты бойынша, инаугурация рәсімі мәскеу уақыты бойынша сағат 12.00-де Польша Сеймінің мәжілістер залында өтеді.

Тамыздың 3-інде Польшаның Жоғарғы соты мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлаудың заңдылығын таныды. Сот сондай-ақ сайлауға қатысты 16 арыз-шағымды негізді деп таныды, бірақ та, судьялардың пікірінше, ол кемшіліктер дауыс берудің қорытындысына анау айтқандай әсерін тигізе алмайды, себебі екі үміткердің арасындағы айырмашылық 1 миллионнан астам дауысты құраған.