Бүгін Ресейде Саян-Шуша ГЭС-дегі техногендік апаттың құрбандарын еске алды

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдегі ең ірі суэлектрстансы - Саян-Шуша ГЭС-індегі қайғылы апатқа жыл толып отыр. Ресейде тамыздың 17-сі көп адамның өмірін қиып кеткен осы апаттың құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды «Лента ру».
None
None

Апат кезінде ГЭС-тің машина залы жартылай қирады, 75 адам мерт болды. Стансының барлық 10 агрегаты да жұмысын тоқтатты. Орын алған апат фактісі бойынша, еңбек қорғау ереже сақталмады деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың себебін зерттеу әлі күнге жүргізіліп келеді, 600-ден астам адамнан жауап алынды, 200 сараптама жұмыстары жүргізілді, солай бола тұра ешкімге айып тағылған жоқ. Бұл жөнінде бүгін Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин айтты. Оның айтуына қарағанда, Саян-Шуша ГЭС-індегі апатты тексеру алдағы желтоқсан айына дейін ұзартылды.

Соңғы жаңалықтар