Бүгін респубиканың көптеген өңірлерінде күн ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста ғана күн ашық болып, бұрынғыша ыстық ауа райы күтіледі, деп хабарлады ҚР ТЖМ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының кей жерлерінде күшті ыстық болады. Жамбыл, Қарағанды облыстарында өте күшті ыстық, кей жерлерде аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.