Бүгін Республикада «Адам саудасының құрбаны болма» акциясы басталды ? ІІМ

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Наурыздың 10-ы мен 20-сы аралығында республикада «Адам саудасының құрбаны болма» атты акция өтеді.
None
None
Бұл туралы бүгін акцияның басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Бекет Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап көрсеткеніндей, акция адам саудасы, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысуға тарту, адамдарды ұрлау мен оларды пайдалану фактілерін анықтау мақсатында елімізде тоқсан сайын өткізілетін «Stop - трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасының шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Ол Қазақстандағы АҚШ Елшігінің қаржылық қолдауымен, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар ұйымы және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп өткізіледі. «Адам саудасы криминогендік бизнестің алуантүрлілігі сияқты адамзаттың күрделі проблемаларының бірі болып табылады. Шынайы факторларға сәйкес Қазақстан адам саудасының құрығына іліккендер келетін, тұратын және жеткізілетін елдердің бірі болып отыр. 2008 жылы ішкі істер органдары адам саудасының 20 фактісін анықтады. Оның ішінде 5-уі ? кәмелетке толмағандардың саудасы болып отыр. Жұмыс күші ретінде пайдалану мақсатында адамдарды ұрлағаны үшін 4 қылмыстық іс, жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін 11 іс және ол «кәсіппен» айналысуға арналған орындарды ұйымдастырғаны үшін тағы 226 іс қозғалды», - деді ол. Акцияның мақсаты ? халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, адам саудасы, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдардың қағидаттарымен таныстыру. Осы күндері ІІМ Криминалдық полиция комитетінің, Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған үгіт-насихат тобы облыс орталықтарында жұмыс істейтін болады. Ал ертең таңғы сағат 7.30-да Астана ? Алматы бағытында «Адам саудасының құрбаны болма» үгіт пойызы сапарға шығады. Осындай екінші пойыз Астана ? Қарағанды ? Тараз ? Шымкент ? Сарыағаш бағыттары бойынша жүріп өтеді.
Соңғы жаңалықтар