Бүгін - Республикалық Ұланның құрылған күні

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін - Республикалық Ұланның құрылған күні.

Бүгін  - Республикалық  Ұланның  құрылған  күні

1992 жылғы наурыздың 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қарулы күштердің өз алдына бөлек әскери құрылымы және резерві болып құрылған Республикалық Ұлан бүгінде шын мәніндегі армиямыздың таңдаулы бөлімі, үздік әрі мейлінше беделді жүйесі болып есептеледі.

Республикалық Ұланға Республиканың мемлекеттік билік және басқармалардың жоғары органдарын, Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын Республика аумағында және сырт жерлерде күзету, ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету, шетел мемлекет басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату, ҚР аумағындағы Конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату, ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шараларды жүзеге асыру міндеттелген.