Бүгін - Республикалық ұланның құрылған күні

Алматы облысы Қаскелең ауданының Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылды. Республикалық ұланға елдің мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарын, Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын Республика аумағында және сырт жерлерде күзету, ҚР Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзету, шетел мемлекеттері басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату, ҚР аумағында Конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату, ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шараларды жүзеге асыру міндеттелген.
Сонымен қатар, гвардия Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды нысандарды, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.