Бүгін республиканың басым аймағы антициклонның ықпалында болады - Қазгидромет
СТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін сәуірдің 21-і күні республиканың басым аймағы антициклонның ықпалында болады, солтүстіктегі шеткері өңірлер мен оңтүстікке - атмосфералық ағымдар әсер етеді.
Мәселен, Алматы облысының кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықта жел соғады күтілуде, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан келетін оның екпіні 23-28 м/с-қа жетуі ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында желдің күші секундына 15-20 мертге дейін жетеді деп болжануда.