Бүгін республиканың басым бөлігінде қатты ыстық болады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 маусым күні еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында өткінші найзағайлы жаңбыр жаууы мүмкін, максималды температура мұнда да 25 -33º дейін болуы күтіледі.
Атырау облысында күндіз ауа райы 40 градусқа дейін барады, ал Маңғыстау облысында күннің ыстығы 43 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да қатты ыстық болып, 40 градус болуы мүмкін. Осыған орай ҚР ТЖМ ескерту жариялады.