Бүгін республиканың кейбір аймақтарына қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика аймағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерге қар түсіп, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін республиканың кейбір аймақтарына қар жауады

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, Қостанай облысында күндіз де түнде де көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Павлодар облысында, түнде Қарағанды облысында желдің күші 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Күндіз Ақтөбе облысында көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында желдің күші 15-20 метрге жетеді деп болжануда.