Бүгін Республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді - Қазгидромет

СТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қазанның 22-сі күні Қазақстанның басым аумағына антициклонның ықпалы сақталады. Республиканың батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде атмосфералық ағымдардың жылжуы байқалады.

Бүгін Республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді - Қазгидромет

Мәселен, Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде және күндіз Атырау облысында, түнде Маңғыстау, күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде желдің күші 15-23 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.

Түнде Жамбыл, Шығыс Қазақстан аймақтарында кей жерлерде тұман болады, ШҚО-да секундына 15-20 метр екпінмен жел соғады.

Түнде Алматы облысының кей өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы ықтимал, ауа температурасы басым аумақта 0-5 градусқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының басым жерлерінде де сынап бағанасы 0-5 градусқа дейін төмендейді деп болжануда.